Accessibility links

Түркіменстанда президенттік сайлау алдағы жылдың 11-ші ақпанында өткізілетін болды


Бұл жөнінде желтоқсанның 26-сында Ашхабадта Түрiкменстанның жоғарғы заң шығарушы органы - Халық мәслихатының отырысында шешілді. Сонымен қатар сайлауға қатысатын кандидаттарды анықтау мәселесі де қаралып, Халық мәслихаты президенттікке кандидат ретінде қазіргі президент міндетін атқарушы Гурбангулы Бердімұхамедовты бірауыздан ұсынды. Констиутция бойынша Бердімұхамедов сайлауға қатыспауы тиіс, алайда депутаттар елдің негізгі заңына түзетулер енгізуді ұсынды. Халық мәслихаты сондай-ақ басқа да бес кандидаттың президенттік сайалуға үміткер ретінде қатысуын мақұлдаған. Түркмен оппозициясы Нұрберді Нұрмамедов деген кандидатты ұсынғандарын және оны сайлауға қатыстыру үшін күресетіндіктерін мәлімдеген. Алайда тағы бір оппозиция жетекшісі Худайберді Оразов бірыңғай кандидат болып өзінің ұсынылғанын "Интерфакс" агенттігіне мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG