Аталған ұйым Әзірбайжанда оппозициялық журналистерге қарсы қимылдардың қайталана бергенінен қауіптенеді. ОБСЕ-нің Бакудегі өкілдігі жетекшісінің міндетін атқарушы Робин Сиуорд биылғы жылы мұнда журналистердің бірнеше мәрте соққыға жығылғанын атап өткен. ОБСЕ өкілдігінің басшысы Әзірбайжан билігін журналистерді қорғау шараларын қолға алып, олардың жұмыс істеу хұқтарына қол сұқпауға шақырды.
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әзірбайжанда журналистерге қарсы шабуылдардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес