Accessibility links

Ресей ұшағы төтенше жағдайда Прагада қондырылды


Ресейдің Аэрофлот әуе жолдарының Мәскеуден Женеваға жол тартқан жолаушы ұшағы Прагада төтенше жағдайда қонуға мәжбүр болды. Бұл жағдай жөнінде Прага әужайынан өкіл Павлина Хайкова тілшімізге былай деді:

- Сағат сәлкем 11 шамасында, Мәскеуден Женеваға ұшып бара жатқан Аэрофлот 320 Аэробусы күтпеген жағдайда Прага әуе алаңына қондырылды.

Ал одан сәл алдын, Чех полициясы мекемесінің президенті Хушак ол ұшақты ұрлап әкетпек болған бір азамат ұсталды деп мәлімдеген болатын. ИТАР ТАСС агенттігінің Аэрофлот ресмиі Пархимовичтің айтқанына сүйеніп хабарлауынша, бұл жағдай бір мас жолаушының кесірінен орын алыпты.
XS
SM
MD
LG