Accessibility links

АҚШ президенті Д.Буш Ирақтағы стратегияны өзгерту турасында кеңесулер өткізді


Джордж Буш Ирақтағы жаңа стратегияны ойластыру жемісті жүріп жатыр, бірақ қорытынды жоспарды қолға алғанша көп кеңесулер қажет деп атап өткен. Буш мұндай мәлімдемені Техастағы ранчосында өзінің кеңесшілерімен кездескеннен кейін жасады. Ол Ирақтағы жаңа саясат стратегиясы турасында қаңтар айында жария етпекші. Ал бұл аралықта кешегі күні Ирақта үш бомба жарылысы болып, кемінде 23 адам опат болған. АҚШ әскерилерінің айтуынша, қаза болғандардың бесеуінен көбі американдық әскерлер.
XS
SM
MD
LG