Президент Александр Лукашенко Беларус Ресейдің мемлекеттік Газпром компаниясының шантажына берілмейді деп айтты. Газ алпауыты "Газпром" 1 қаңтардан бастап, Минск Ресей газының әрбір мың текше метрі үшін 105 доллардан төлемейтін болса, газ беруді тоқтатамыз деп ескерткен-ді. Беларустың делегация тобы кеше Маскеуде газ бағасына қатысты келіссөздерді өткізді, ол бүгін де жалғасатын болады.