Accessibility links

Ирақта бұрынғы диктатордың рухына тағзым ететіндер әлі жоқ емес


ӘД-ДАУР: Бүгін С.Хусеинді жақтайтын 100-деген сүннит бұрынғы Ирақ лидерінің өлім жазасына тартылуына қарсы наразылық митингісіне жиналып, оны Ирақ шийттерінің саяси қайраткерлері дарға астырды деп айыптады. Бұл жиын 2003-інші жылдың желтоқсанында С.Хусеинді АҚШ әскері тұтқындаған Бағдад түбіндегі Ад-Даур ауылында өтті. Ат-Тикрит қаласында С.Хусеинді жерлеуге және оның рухына тағзым етуге келген халыққа арнап шатырлар тігілді. Өткен сенбі күні дарға асу арқылы өлім жазасына тартылған С.Хусеин – Ат-Тикрит қаласының жанындағы өзінің туып-өскен Әл-Ауджа ауылындағы 2 ұлы - Үдей мен Құсайдың жанына жерленді.
XS
SM
MD
LG