Accessibility links

“Одақтас” мемлекеттер - Ресей мен Беларуссия – нарықтық қарым-қатынасқа көшті


МИНСК: Мәскеу мен Минск Ресей газының транзиті мен Беларуссияға сатылатын газдың бағасы бойынша жаңа 5 жылдық келісімге келді. Келісімге Жаңа жылға бірнеше минут қалғанда ғана қол қойылды. Оған сәйкес, 2007-нші жылы Минск 1 мың текше метр газ үшін “Газпром”-ға 100 доллар төлейді, ал 2008-інші жылдан 2011-інші жылға қарай газдың бағасы бірте-бірте өсіп, Еуроодақ елдеріне сатылатын Ресей газының бағасына дейін көтеріледі. “БелТрансГаз” құбыры арқылы өтетін Ресей газының транзиті де 2 есе өседі. Келісімде “БелТрансГаз” акцияларының 50 пайызын Ресейдің 5 млрд. долларға сатып алуы қарастырылған.
XS
SM
MD
LG