Accessibility links

С.Хуссейннің өлтірілуін камераға түсірген кісіге байланысты тергеу басталды


Премьер-министр Нури әл-Маликидің кеңесшісі Ирақ үкіметі Саддам Хусейннің дарға асылғанын мобилды телефонның камерасына түсірілуіне байланысты тергеу ісін ашты деп мәлімдеді. Саддам Хусеинді жақтайтын жүздеген сүннит бұрынғы Ирақ лидерінің өлім жазасына тартылуына қарсы наразылық танытып, оны Ирақтың шиит саясаткерлері дарға астырды деп айыптаған болатын. Бұл жиын Бағдадтың солтүстігіндегі Ад-Даур ауылында өтті. Осында 2003 жылдың желтоқсан айында АҚШ әскері Саддам Хусеинді тұтқындаған еді. Өткен сенбі күні дарға асу арқылы өлім жазасына тартылған Саддам Хуссеин Тикрит қаласының жанындағы өзінің туып-өскен Әл-Ауджа ауылында жерленді.
XS
SM
MD
LG