Индонезияның билік орындары Сулавеси аралында жоғалып қалған жолаушы ұшағын тапқандарын хабарлады. Ресмилердің айтуынша, ұшақ апатқа ұшыраған, оның салдарынан 90 адамның құрбан болғаны анықталған. Ал қалған 12 кісі аман қалды деп хабарланып отыр. Ауа-райының бұзылуына байланысты ішінде 102 адам болған Боинг-737 ұшағымен байланыс үзілген болатын. Бұл ұшақ дүйсенбі күні Ява аралынан Сулавесиге аттанған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?