Accessibility links

Дж.Буш Ирақта “жеңіске жетуді” және АҚШа халқының салығын азайтуды көздейді


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш өзінің әкімшілігі қараша айындағы сайлаудан кейін Конгрестің қос палатасында да басым дауысқа ие болған демократтармен қарым-қатынас құруға әзір екенін тағы қайталады. Жаңа Конгресс ертең – 4-інші қаңтарда жұмысқа кіріседі. “The Wall Street Journal” газетінде шыққан мақаласында Дж.Буш егер заң жобаларымен жұмыс істеген республикалықтар мен демократтар ынтымақтастпаса, тығырыққа тірелудің мүмкін екенін ескертті. Өзінің саясатындағы бірінші кезектегі міндет ретінде Дж.Буш Ирақта “жеңіске жетуді” және Америка халқының төлейтін салығын азайтуды атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG