ИСЛАМАБАД: Ресми Исламабадтың хабарлауынша, Пәкістан премьер-министрі Шауқат Әзиз Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен және басқа да билік өкілдерімен келіссөз өткізу үшін ертең, бейсенбі күні сапармен Кабулға келуге тиіс. Соңғы кезде Пәкістан мен Ауғанстанның арасы күрт суып кетті. Х.Қарзай Пәкістан билігін Ауғанстандағы содырларды қолдап отыр деп айыптаса, Пәкістан үкіметінің Ауғанстанмен арадағы шекарасының бір бөлігіне қабырға тұрғызып, миналық бөгет орнатуды жоспарлауы ресми Кабулдың үлкен наразылығын туғызды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV