Accessibility links

Ирақ премьер-министрі үкімет басында отырған мерзімінің аяқталмағанына өкінеді


БАҒДАД: Ирақтың премьер-министр Нұри Әл-Мәлики екінші мерзімге үкімет басында қалуды тіпті қаламайды және қазіргі мерзімінің де аяқталмағанына өкінеді. Американың “The Wall Street Journal” газетіне берген сұхбатында Әл-Мәлики өзінің қызметін атқаруға ел ішіндегі саяси және діни араздықтардың кедергі болып отырғанын, бірақ елде әлі де бейбітшілік орнайтынына үміттенетінін мәлімдеді. Ирақ полициясы Бағдадтан “өлім батальондары” өлтірген 45 адамның мәйіттерін аңғарды. Олар С.Хусеиннің дарға асылуынан кейін шийттер мен сүнниттердің арасындағы өрши түскен қақтығыстарда құрбан болғанға ұқсайды. Сондай-ақ бүгін Ирақ соты терроризммен айналысты деген айыппен “Әл-Қаида” ұйымының 3 содырын – Саудия, Сирия және Судан азаматтарын өлім жазасына кесті.

AzattyqTV

Дүниежүзі қазақтары құрылтайы

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"

XS
SM
MD
LG