Accessibility links

45 жастағы неміс желаяғы бүкіл жер шарын 300 күнде жаяу жүгіріп өтпекші


БЕРЛИН: Неміс желаяғы қайырымдылық шарасына қаржы табу үшін бүкіл жер шарын жаяу жүгіріп өтуге шықты. Робби Клеменс өзінің 28 мемлекетті басып өтіп, 23 мың шақырым қашықтықты игеруге 50 жұп аяқ киім керек болатынын есептеп шықты. 45 жастағы желаяқ күніне 80 шақырымнан жүгіріп, марафонды 300 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Оған дәрігер мен ас ішуін бақылайтын жаттықтырушы серік болып еріп жүреді. Одан түскен қаржы ісіңк ауруына шалдыққан балаларға беріледі.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG