Accessibility links

Мамандар биыл ең жылы жыл болады дейді


2007 жыл бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда ең жылы жыл болмақшы. Бұл жөнінде Британияның Метеорология кеңсесінің климаттың өзгеруін зерттейтін мамандары хабарлады. “Азаттық” радиосы осы жайында Англияның Эксетер қаласындағы Метеорология кеңсесінде жұмыс істейтін ғалым Дэвид Паркермен сұхбаттасқан болатын.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Британияның Метеорология кеңсесі жариялаған 2007 жылға қатысты ғаламдық ауа-райы болжамына қалай қарайсыз?

“Бұл болжамға сәйкес, ғаламдық температураның орташа деңгейі 1961-1990 жылдар аралығында болған орташа температурадан 0.54 градусқа жоғары болмақ. Бұл нақты бір аймаққа арналған болжам емес. Ауа-райының жылынуына Тынық мұхитындағы Эль-Нино құбылысы мен көмірқышқыл газының көп мөлшерде шығуы себеп болуда”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Осы Эль-Нино құбылысы жайында кеңірек мәлімет берсеңіз...

“Эль-Нино – Тынық мұхиты шығысындағы табиғи жылыну құбылысы. Ол жел мен мұхит ағындары қосылғанда болады. Бұл құбылыс әрдайым болып тұрмайды. Эль-Ниноның ең үлкені 1978 жылы болған, одан кейін тіркелгендері әлсіз еді. Эль-Нино -мұхиттағы ағындардың өзгеруі десе болады, әсіресе Оңтүстік Американың жанында”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Сонымен, 2007 жылдың ең жылы болатынына қаншалықты сенімдісіз?

“Біздің болжамымызда нақты емес есептер бар. Яғни біз 60 пайыз ықтималдықпен 2007 жыл 1998 жыл сияқты немесе одан да жылы болады деп отырмыз”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Эль-Нино құбылысы әлемнің қайсы аймақтарына әсіресе әсер етеді?

“Ол әсіресе тропиктер мен Америкаға әсер етеді. Кейде оның әсері Еуропаға да тиюі мүмкін, бірақ бұл мәселе әлі зерттеліп жатыр.”

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ал Эль Нино құбылысының күші қашан жойыла бастайды?

“Әдетте Эль-Нино шамамен жылдың ортасына дейін жалғасады. Бірақ ғаламдық температура одан кешігеді. Яғни мысалы Эль-Нино құбылысы 2006 жылы жазда басталып, 2007 жылдың жазына дейін жалғазса, онда ғаламның жылы температурасы 2006 жылдың соңынан 2007-ші жылға дейін тұрады. Сондықтан біз биыл ең жылы жыл болады деп күтіп отырмыз”.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG