Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 8-күні Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қызметтен босау туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Үкімет отырысында премьер өзімен бірге 3 жарым жыл істеген әріптестеріне алғысын білдіріп бұл жылдарда экономика белсенді дамығандығын жеткізді. Ахметов хабарлағандай ел конституциясына сәйкес, үкімет жаңа құрам бекітілгенше жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін Үкіметті басқарып келген Даниал Ахметов бұл қызметке 2003 жылдың маусым айында тағайындалған болатын. Президент бұған дейін үкімет жұмысына сын айтқан болатын, бірақ үкімет басшысының неліктен ауысатындығы жайлы ресми ақпарат берілмеді. Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша бұл экономикаға байланысты:
- Ахметов басқарған үкімет үлкен бір өзгеріс әкелді деп айту қиын. Ең өзгеріс біздің тосып жүргеніміз экономиканың тек шикізат шығарудан өнімді жан-жақты қылу. Әр үкіметтен тосатынымыз. Ахметовтың үкіметі өкінішке орай, ондай батыл қадамдар жасай алмады.
Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні өзі төрағалық ететін «НұрОтан» саяси партиясының өкілдерімен бірге үкіметті жаңадан жасақтау мәселесін талқылаған. Қаңтардың 9 күні парламенттегі «НұрОтан» саяси партиясының өкілдері үміткерді тағайындауға жиналды. Бірақ, жиын бұқаралық ақпарат құралдарынсыз жабық есік жағдайында өтті. «НұрОтан» саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов жиыннан кейін былай деді:
- Біздің тарихымызда бірінші рет болып отырған жағдай. Неге десеңіз, бұрын сол күніғана белгілі болушы еді. Қазір 2 күн бұрын елбасы партия, фракция өкілдерімен кездесіп, мынадай үміткерлеріміз бар деп ақылдасу жасады. Ал бүгін парламенттік фракция ел басының ұсынысын талқылап толық қолдау көрсетті. Ал енді кім болады, ол елбасының өз шешімі. Ертең сағат 3 елбасы парламкенттік кездесуге келгенде өз ұсынысын айтады. Ол оның конституциялық құқығы.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Жолшыбек Әмзібеков болса бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына былайша жауап берді:
- Бұл жерде ешқандай жасырын тіршілік жоқ. Біз шешім шығармаймыз. Шешім шығаратын, ұсынатын елбасы. Ал премьер кандидатурасын Қазақстан заңына байланысты текқана елбасы ұсынады. Біз ашық әділетті өз пікірлерімізді айттық. Осында президент әкімшілігінің басшысы қатысып отырды.
- Президент қандай кандидатура ұсынсада, фракция соны қолдайды деген пікір қалыптасады?
- Егерде біздің партия лидері президент болса, күні кеше сайлауда президент саясатын қоллдаймыз десек, біздің фракция неге басқаша пікір айту керек?
- Неше кандидатура туралы сөз болды?
- Ол туралы қыса бергеннен не шығады?
Есімін жасырған депутаттар болса отырыста қазіргі вице-премьер Кәрім Мәсімовтың тұлғасы талқыланды деген ойларын жеткізді. Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша бұл мәселе шешілген:
- Тіпті президент әкімшілігінде ол туралы жарлықтың жобасы дайын тұр деген әңгімені естідім. Менің өз басым таң қалатыным неге Қазақстан 15 жыл ішінде ел басқаруға келгенде президент Назарбаев маңайына текқана қазақ тілін білмейтіндерді, қазақ мәдениетін, рухын танымайтындарды жинайтынына таң қаламын. Осы тұрғыда Масимов үкімет басқаруға лайық деп айтуға қиын. Өйткені, ол біздің не рухымызды, не тілімізді, не мәдениетімізді білмейді. Түріне қарағанда білгісі келмейтін сияқты.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы елде 6 премьер-министр ауысқан. Ресми мәлімет бойынша, мемлекет басшысының премьер-министр портфелін кімге сеніп тапсыратындығы Парламент палаталарының қаңтардың 10-күнгі бірлескен отырысында анықталады.