Өзбекстанның салық полициясы тағы бір американдық ұйымнан заң бұзушылық әрекеттерін тапқанын хабарлады. Бұл ұйым 2002-ші жылдан бері Өзбекстандағы ауыл шаруашылығының дамуына гуманитарлық көмек көрсетіп келген. Билік орындары АҚШ-та орналасқан бұл ұйымға салық органдарынан 3 миллион доллар жасырды деген айып тағып отыр. Айта кету керек, Өзбекстан үкіметі бұған дейін штаб-пәтерлері батыс елдерінде орналасқан бірнеше ұйымды жауып тастаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"