Accessibility links

Apple компаниясы IPhone деп аталатын қалта телефонын жаңадан жасап шығарғандығын жариялады


Технология саласындағы тың жаңалық - Apple компьютер компаниясы қалта телефонының IPhone деп аталатын жаңа ұрпағын қолданысқа енгізді, онымен сөйлесіп қана қоймай, музыка тыңдап, сол музыканы телефонның миында сақтай аласыз. Сонымен жұдырықтай ғана қалта телефонында IPod музыка ойнатқышы, суретке, видеоға түсіретін камерасы және интернетке қосыла алатын мүмкіндігі бар.

Мобил телефонын тұтынушылар мен жанкүйерлер сонымен Apple компаниясына бұл жақсы жаңалық, жетістіктері үшін алғыс айтқан, қуанышты хаттарын үздіксіз жөнелтіп жатыр десе болады. Apple компьютер компаниясының бас басқарушысы Стив Жобс бұл жайында Сан-Францискода өтетін жылдық конференцияда жариялады. Жиналғандар, әрине, бұны ерекше қуанған жағдайда, ыстық ықыласпен қабыл алды.

- Бұл әрі музыка тыңдайтын IPod, әрі телефон, әрі интернетпен байланыстырушы. Міне, енді сіздер оны қолдана аласыздар. Бұл арада үш бөлектенген құрал, аппарат жоқ, бұл бір-ақ құрал және біз оны IPhone деп атаймыз. Міне, ол енді өмірге жолдама алды.

Стив Жобс жаңа телефонның қалай жұмыс істейтінін экранннан көрсету барысында қол шапалақтауға ұласқан қошемет бір сәт үзілген жоқ. Жобс енді бір сәтте әуендік клиптерді қалай таңдауға болатынын көрсетіп берді.

- Мен музыканттарымның тізімі арасынан өзіме керектісін қалай таңдаймын, ол үшін тек телефонның бетіне саусағымды тигізсем болды.

Осы сәтте ду қол шапалақ та жауып кетті. Apple технологиясының жанкүйерлері осыдан біраз бұрын IPhone деген жаңа қалта телефоны құрастырылып жатыр деген сөздер естілген уақыттан бері, бұл жаңалықты тағатсыздана күткен болатын.

Және бұл арада аса бақытты болып, технологияның мұндай жетістігіне қуанып тұрған тек қана жанкүйерлер емес. Инвесторлар да нарыққа IPhone-ның келуі Apple компаниясының үлесін 8 процентке дейін көтереді деп бағалап, қуанып отыр.

Компания басшылығы осы бір нәзік құрылғы қазір музыка ойнатушы аспаптар - плайер нарығында жалпы сатылу құны 70 миллион доллардан асып, басымдыққа ие болған IPod сияқты аса үлкен табысқа жетеді деп үміттенеді.

Ал мобилді телефондар сатудың ғаламдық нарығы әлдеқайда кең, ол тек өткен жылдың өзінде 1 миллиард долларды құраған. Сонымен енді сарапшылар болса, IPhone енді Apple компаниясы үшін ең мықты табыс көзі болады деген тұжырым жасайды. Дегенмен де жаңа телефонның қазіргі бастапқы бағасы да оңай емес, ол кемінде 500 доллар тұратын болады, бұның өзі IPhone-ның тез арада бұқаралық нарыққа шығуына тез арада жол бере қоймаса керек. IPhone жаңа мобил телефоны Apple компаниясының сейсенбі күні жария еткен жалғыз жаңалығы емес. Компанияның электроника саласындағы тұтынушыларының саны өсіп отырғандығын ескере келе, енді ол тек қана Apple Inc деп аталатын болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG