Accessibility links

Буштың Ираққа қатысты жаңа стратегиялық жоспарын американдықтар қаншалықты қолдайды?


АҚШ Конгресі енді оппозициялық партия Демократтардың бақылауларында. Соңғы сайлау барысында Ирақ соғысына байланысты АҚШ президенті Дж.Буштың атына сын-ескертпелер аз айтылған жоқ.

Бұл күндері Дж.Буш өзінің Ираққа қатысты жаңа саясат стратегиясын жариялауға дайындық үстінде. Ал қарапайым американдықтардың соғыс турасындағы көзқарас-пікірлері қандай, жаңа стратегия алдында олар не дейді?

Вашингтоннан онша қашықта емес Мэриландте орналасқан бұл кішкентай қалашық Гейцерзбург деп аталады. Онда 50 мыңдай тұрғын бар. АҚШ астанасының солтүстігіндегі бұл елді мекенді технология дәлізі деп атайды, ол телекоммуникация компаниялары орналасқан, компьютер, ғылым орталығы десе болады.

Бұл ара сондай-ақ Мэриланд ұлттық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығу орталығы. Міне сол себепті де бұл қалада Ирақ соғысына қатысы бар көптеген отбасылар тұрады деп айтуға әбден болады.

АҚШ президенті Дж.Буш өзінің ұлтқа арнайтын сөзінде Ираққа, қазіргі онда тұрып, қызмет етіп жатқан 132 мың американдық әскерлерге қоса, тағы да 20 мың жасақ жіберу туралы жоспарын айтады деп күтілуде. «Азаттық» радиосы Гейцерзбург қаласының тұрғындарынан осындай жоспар жария болардың алдында олардың ойларын сұрап білген еді. Олардың жақтырмаған, ұнатпаған сыңайдағы жауаптарын үшке бөлуге болар еді. Сауалнамаға қатысқандардың бірқатары бұндай ойды мақұлдамаса, енді біреулері Ираққа қосымша күш жіберудің ешқандай өзгеріс әкелмейтінін айтады. Ал енді үшіншілері болса, мұндай жоспарға қолдау білдіретіндіктерін айтып, бұл Ираққа көмек болады және ондағы қызметкерлердің тезірек үйлеріне қайтуларына ықпал етеді деп білеміз дегенді айтады.

Біздің тілшіміздің алғашқы тілдескен адамы жергілікті дәріханадан дәрі алуға келген зейнеткер Джозеф Ираққа қосымша жасақ жіберілуін қолдамаймын дей келе, өзінің бұдан бұрын Бушқа дауыс бергеніне қазір өкінетінін айтқан.

- Мен Ираққа шабуыл жасауды ешқашан қалаған емеспін. Оларға шабуылдайтындай бізде ешбір себеп болған жоқ. Бұл біздің ең бір ақымақтық ісіміз болды. Менің ойымша, біз ол арадан жақын уақытта кетуіміз керек.

Жұмыс арасындағы түскі үзілісі кезінде кітап дүкендерін аралап жүрген Джорж есімді кәсіпкер жігіт Ираққа көбірек жасақ жіберу ондағы жағдайды жақсартуға көмектеседі деп ойламайтындығын айтады.

- Менің білуімше, бұл ешқандай өзгеріс әкелмейді. Бұл Вьетнамдағы жағдаймен тым ұқсас болды, онда біздің қаншама жасақтарымыз барып, қаншасы ажал құшты. Мен ешқандай өзгеріс болмайтынына сенімдімін, біз соғыста жеңіліс таптық, енді одағын шығудың да ешбір стратегиясы жоқ. Бірінші Буш, үлкен президент Буштың айтқаны дұрыс, кіргенде сыналап, кір де, шыққанда тезірек шығып кет.

1990-1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы соғысқа қатысты айтылған. Ал Грег деген азамат Ирақтағы соғыс жылдам аяқталып, ондағы әскерлердің тезірек үйлеріне оралуын қалайтындығын айтты. Ол өзінің 2003 жылы Ираққа басып кіруді қолдағандығын, ал бірақ қазір Ирақтағы әскерлерді көбейту керек шығар, мүмкін ол Буш ойлағандай ондағы соғыстың жылдамырақ бітуіне ықпал етер дейді.

Автобус аялдамасында тұрған Фелиша деген әйел Буштың Ираққа экономикалық көмек жібергені дұрыс болар еді дегенді айтады. Ал бірақ онда қосымша жасақтарды апару күрделі жағдайды шешуге көмектесер болса, онда мен оны қолдаймын деген еді.

- Егер ол дұрыс жұмыс істесе, мен оған келісемін. Бірақ, мен ол солай бола ма, жоқ па - оны білмеймін. Менің ойымша біз онда жақсы жасауымыз керек, біз ол араны тыныштандыруымыз қажет, өйткені біз оны бұздық. Біз оны қалпына келтіруіміз керек. Бірақ онда адамдарды өлімге айдаудың соншалықты бір мағынасы бар деп ойламаймын.

Американдықтар арасында жүргізілген соңғы сауалнамалар олардың Буштың ұсынысы турасында екіге жарылғанын көрсеткен. Қаңтар айының алғашқы үш күнінде CBS жаңалықтар агенттігі жүргізген 1 мың адам қатысқан сауалнамада олардың 45 проценті Ираққа әскер жіберуді қолдаса, 48 процент бұл ұсынысқа қарсы болған.

Басым көпшілік, демек 55 проценті Ираққа қосымша жасақ жіберудің ондағы жағдайға көмектесетіндігіне сенімдері жоқ екендігін айтқан. 35 проценті, керісінше, жасақтар жіберу Бағдадтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі деп ойлайтындықтарын білдірген.

Ал сұралғандардың 52 проценті Ирақтың АҚШ-пен бірге немесе онсыз тұрақты демократия жағдайына жететіндіктеріне күмәнданатындарын айтқан. Тек 17 проценті ғана АҚШ Ирақ соғысында жеңіске жетті деген. Буштың Ирақтағы әрекетін 23 процент мақұлдаса, 72 процент оның Ираққа қатысты істерін мақұлдамаған.

Міне мұндай наразылық Гейтцерзбург көшесіндегі Роберт деген мына азаматтың сөзінен анық байқалды.

- Жоқ, мен келіспеймін, мен оның ешқандай саясатын жақтамаймын. Мен, біріншіден, онда болуымыз керек деп ойламаймын, мен оның сөздерін ешқашан қарап, тыңдамаймын. Мен ешқандай айтары жоқ адам ағылшын тілінде жақсы бұйрық та бере алады деп ойламаймын.
XS
SM
MD
LG