Accessibility links

Қазақстанның жаңадан жасақталған үкіметі алғашқы жиналысын өткізді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов тұңғыш жиналысында жаңа үкімет мүшелеріне өндірістің шикізатқа тәуелділігін азайтуды тапсырды. Оның сыртында ол нақты мерзімдер қойып бірнеше ай ішінде елдегі тауар базарларындағы жағдайға баға беруді, 120-дан астам салалық бағдарламаларды қысқартуды және әкімшілік реформаларын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы ол Астанада қаңтардың 12 күні премьерлік қызметіндегі тұңғыш үкімет жиналысында хабарлады.

Қазақстан конституциясына сәйкес, ел тәуелсіздік алғалы 7 болған премьер бір ай ішінде парламентке үкіметтің бағдарламасын таныстыруға тиіс. Президент Назарбаев жаңа үкіметке тапсырма берген кезде көптеген салалық бағдарламалардан бас тарту керек деген. Сонда қаржы дұрыс жұмсалады, деді ол. Соған сәйкес Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бізге шайқалуға уақыт жоқ, деді. Ол Индустрия министрі Оразбақовқа және «Қазына» холдингісінің жетекшісі Келімбетовке 19 қаңтарға дейін өндірістің шикізатқа тәуелділігін азайтуды тапсырды.

Ресми мәлімет бойынша, президент Назарбаевтың қаулыларымен үкімет құрылымын жасау жұмыстары аяқталды. Мәсімов премьер болса, оның жалғыз орынбасары болып Аслан Мусин тағайындалды. Ербол Орынбаев премьер канцеляриясының меңгерушісі болды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі төрағасының орынбасары болған. Даниял Ахметов қорғаныс министрі болды. Президент Назарбаев айтып өткендей, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әскери ведомствадағы жұмыстармен әсерилер айналысу керек. «Ал, қорғаныс кешенінің саяси жұмыстарымен және басқарумен азаматтық тұлғалар айналысу керек», деді ол. Даниял Ахметовтың өзі неліктен отставкаға кеттіңіз деген журналистердің сұрағына «Менің ойымша, басқа жетекшілер ұрпағына уақыт келді», деп жауап берді.

61 жастағы Мұхтар Алтынбаев болса, штабтар басшылары комитетінің төрағасы болды. Виктор Храпунов төтенше жағдайлар министрі болды. Бұған дейін ол Шығыс Қазкақстан облысының әкімі болған. Виктор Храпунов Алматыда басшы болғандар неге Төтенше жағдайлар министрлігіне тағайындалады деген журналистердің сұрағына «Менде бұл заңдылықты байқадым. Бірінші рет Алматы әкімі болып Нұрқаділов, екінші болып, Құлмаханов, үшінші болып мен келдім, деді. Және Төтенше жағдайлар министрлігіндеде сол кезек. Бәлкім бұл тағдыр шығар», деді ол.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Жәнібек Кәрібжанов болды. Марат Тәжин сыртқы істер министрі боды. Бұған дейін ол қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. Нұрлан Ермекбаев сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Бұған дейін ол президенттің кеңесшісі болған. Қасымжомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы болды. Тоқаев 1953 жылы туған. Мәскеудің мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Нұртай Әбіқаев Ресейдегі Қазақстанның елшісі болды. Ол 1947 жылы туған экономика ғылымдарының докторы. Жансейіт Түймебаев білім және ғылым министрі болды. Бұған дейін ол Ресейдегі Қазақстанның елшісі болған. Түймебаев 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мамандығы филолог. Жансейіт Түймебаев жұмысыңызды неден бастайсыз деген сұраққа былайша жауап берді:

- Ең бастысы ол орта мектеп, содан соң қазір айтып жүрген кәсіптік білім маман дайындауда соны дамытамыз. Себебі біздің білікті мамандар, жұмысшылар, инженерлер қазір заман талабы. Бүкіл дүние жүзілік тәжірибені енгіземіз. Өйткені біздің өндіріс орындары, шетелдік компаниялар, ұлттық компаниялар халықаралық дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Соған лайықты біз мамандар дайындауымыз керек.

Соңғы мәлімет бойынша, Берік Имашев қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған. Имашев 1960 жылы Алматыда туған. Мамандығы заңгер. Ғалым Оразбақов индустрия және сауда министрі болды. 42 жасар Оразбақов «Қазақстан инжиниринг» компаниясының президенті болған. Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорда облысының әкімі болды. Ол 1960 жылы Қытайда туған. Заң ғылымдарының докторы. Бұған дейін ол президенттің баспасөз хатшысы болған. Ал қалған көптеген министрлер қызметтерінде қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG