Accessibility links

АҚШ үкіметі Ирақ консулдығында ұсталған азаматтардың көтерілісшілерге қатысы бар дейді


АҚШ сыртқы істер министрлігі Иранның Ирақтағы консулдығында ұсталған азаматтардың көтерілісшілерге қатысы бар деген күдік айтты. АҚШ сарбаздары бейсенбі күні Әрбіл қаласында Иран консулдығына кіріп, алты Иран азаматын ұстаған. Олардың біреуі соңыра таман босатылған. Иран сыртқы істер министрлігі оқиғаға алғашында наразылық танытса да, енді бұл жерде ешқандай дипломатиялық ереже бұзылған жоқ дейді. АҚШ сыртқы істер министрлігі қамауға алынған Иран азаматтарының ешқандай дипломатиялық мәртебесі жоқ, олардың Иран революциялық сақшылар ұйымына қатысы бар деді.
XS
SM
MD
LG