Accessibility links

Аргентинаның бұрынғы президенті Мария Перон Испанияда қамауға алынды


Ол Аргентина сотының бейсенбі күні шығарған қаулысы бойынша қамалды. Мария Перон қудалау жасады, репрессия саясатын жүргізді деп айыпталып отыр. Мария Перон – Аргентинаны ұзақ басқарған президент Хуан Доминго Перонның жесірі, жасы қазір 75-те. Мария Перон күйеуі 1974 жылы қайтыс болған соң ел билігін өзіне алған болатын. Алайда екі жылдан соң елде төңкеріс жасалып, ол биліктен алынды. 1981 жылы Мария Перон Испанияны жағалап келген болатын.
XS
SM
MD
LG