Accessibility links

Иран президенті Махмұд Ахмединежат Қарақасқа Венесуэла сапарына келеді

Ахмединежат бұл ел президенті Хюго Чавезбен келіссөздер жүргізбек. Иран президенті өткен қыркүйек айында Қарақаста болғанда Чавезді өз бауырым деген болатын. АҚШ-ты жиі сынайтын Ахмединежат пен Чавез Иран пен Венесуэла арасында тығыз байланысты нығайтуды қалайды. Олар Ирандағы ядролық технологияны дамыту шарасын да қолдап отыр. Венесуэладан кейін Иран президенті Никарагуаға сапар шекпек.
XS
SM
MD
LG