Ресейдегі Орталық банктің бірінші орынбасары Андрей Козловты өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталған кәсіпкердің ісі бүгін Мәскеу сотында қаралады. Козлов өзінің көлігі жанында қыркүйек айында атып өлтірілген-ді, оның жүргізушісі де қаза тапқан болатын. Тергеушілер Козловтың өлімінің басты себебі оның кәсіби ісімен байланысты дегенді айтады.