Accessibility links

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Израиль премьер-министрімен кездеседі


Иордания патшасы Абдуллаһтың мәлімдеуінше, Израиль мен Палестина арасында бейбітшілік жөніндегі әрекеттерді қайта жандандыру үшін Вашингтон бұл мәселеге белсенді түрде араласуы тиіс. Патша Абдуллаһ егер бұл жанжал шешілмесе, онда аймақта зорлық-зомбылық әрекеттері өршіп кетеді деп ескертті. Бұл туралы ол Амманда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуінде айтты. Райс ханым оның алдында Рамаллаһ қаласында Палестина президенті Махмұд Аббаспен келіссөз өткізген болатын. Бүгін ол Израиль премьер-министрі Ехуд Олмертпен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG