Ресми мәліметтерге қарағанда, жергілікті кеңестерге депутаттарды сайлау үшін елдегі сайлаушылардың шамамен 52 пайызы өз дауыстарын берген. Оппозиция лидері Александр Милинкевичтің айтуынша, сайлау қорытындысы билік тарапынан бұрмалануы мүмкін. Хабарларға қарағанда, сайлаудың алдында 30-ға жуық белсенді қамауға алынған. Сонымен қатар, сайлау барысында президент Александр Лукашенко Ресей мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарға да тоқталып өтті. Минск пен Мәскеудің екі ел арасында одақтас мемлекет құру мәселесіне байланысты әртүрлі көзқарасы бар, деді Лукашенко. Оның айтуынша, Беларусь мемлекеті Ресеймен бірігу мүмкіндігін ешқашан ойластырмаған. “Ресей құрамына кіру арқылы елдің егемендігі мен тәуелсіздігін көміп тастағым келмейді”, - деді Лукашенко.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV