2006 жылы Каспий теңізінде үш апатты жағдай болып, салдарынан теңізге мұнай төгілген. Бұл туралы «Айқын» басылымына Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бөлім бастығы Мұхтар Қонысбеков хабарлаған. Ал, мұндай келеңсіздікке жол берген төрт тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 59740 теңге көлемінде айыппұл төлепті. Қоршаған ортаға келтірілген залал болса, 1 651 471 теңгеге бағаланған. Теңізге төгілген мұнай қоспалары Ақтау халықаралық сауда портының күшімен тазартылды деп жазады «Айқын».
Ал, «Аргументы и Факты Казахстан» басылымы, Каспий теңізінің солтүстік қайраңында 200-ге тарта мұнай бұрғысы су астында жатқанын жазады. «Олардың көпшілігі апатты жағдайда. Ал Каспий теңізі экологиялық мүмкіндігі шектеулі жабық теңіз болғандықтан, оны мұнай қалдықтарынан тазартуға 500 жыл қажет. Сондай-ақ, инвесторлардың теңіз түбіндегі кен орындарын қоқыс шығармайтын әдіс арқылы игеру туралы уәделерін ғалымдар утопия деп бағалап отыр». Бұған қоса, басылымның жазуынша, кәрі теңіздің ластануы, мұндағы халықтың денсаулығы үшін де қауіпті. Маңғыстауда өзге су көздері болмағандықтан, тұрғындар ауыз суды да осы теңізден алады деп жазады «Аргументы и Факты Казахстан».
«Экспресс-К» газетінің жазуынша, демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның елдегі басқару формасына қатысты ұсынысы президенттік-парламенттік басқару түріне көбірек келеді. Яғни, парламент құрамын кеңейту, ондағы партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар санын көбейту, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту ұсынылуда. Бірақ, күтіліп отырған саяси реформаның басты сипаты – ол туралы бастаманы билік көтеріп отыр. Сондықтан да, саяси жүйені өзгертуге нақты қадамдар жасалатынына сенуге болады деп жазады «Экспресс-К» газеті.
Ал, «Айқын» басылымының жазуынша, Қазақстанда 15 жыл ішінде президенттік басқару институты толықтай қалыптасып үлгерді. Жалпы, Қазақстан үшін президенттік басқару үлгісінің артықшылықтары басымырақ. Сонымен қатар, бір орталықтан басқарылатын күшті президенттік басқару жүйесінің сақталуын қажет ететін маңызды факторлар да бар. Қазақстан – бай, қуатты мемлекет. Сондықтан, елдегі бытыраңқы билік сыртқы мүдделердің қақтығысына айналуына жол бермеу қажет. Сондай-ақ, екі бірдей алып державамен көрші мемлекет үшін, үш жүздің басын біріктіретін ықшамды басшылық қажет. Бұған қоса, мемлекеттің геосаяси таңдау жасауы, бірінші кезекте мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты деп жазады «Айқын».
Ал, «Zonakz» интернет сайты келешектегі реформалардан демократияға қарай жарты қадам жасалады деп күтуге болатынын жазады. Өйткені, Қазақстан өкіметі Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуден әлі де дәмелі. Сондықтан, қоғамды жаңарту үшін белгілі бір қадамдар жасалуы қажет. Тағы бір маңызды себеп, қазір биліктің өз ішінде де алауыздық бар. Ондағылардың көпшілігі бұдан былай биліктің тек бір адамның қолында болуы, Назарбаев биліктен кеткеннен кейінгі, қоғамдық қауіпсіздік пен коммерциялық табысқа кепіл бола алмайтынын түсінеді деп пайымдайды «Zonakz» сайты.