2006-шы жылғы алаң ететін жағдай - баспасөз бостандығын, адам хұқын, сондай-ақ демократиялық үдерістерді қорғаушы ұйымдар мен қозғалыстарға қысымның күшейе түсуі, дейді Фридом хауз ұйымының өткен жылға арналған кезекті баяндамасы. Бұл орайда Ресей елі мықты мысал болып отыр.
Баяндама ауторларының бірі Крис Уалкердің айтуынша, Кремль бұл жолы назарын бұқаралық ақпарат басылымына аударған. Ал, өткен жылдарда болса Ресей ресмилері тасқа басылатын ақпараттар халыққа оншалықты қызық емес деп келген еді. Осы жылдың соңына қарай болатын парламенттік сайлаулар мен 2008-ші жылдың басқы кезіне белгіленген президенттік сайлаулар қарасында Ресей үкіметі бұқаралық ақпарат құралдары тізімін сөз бостандығынан тазалауда, дейді Уалкер. Осылайша Ресей бұрынғы совет үкіметі елдерінің біразына үлгі болуда, дейді ол.
“Өткен жылдарда бұқаралық ақпарат құралдарына қатты назар бұру бұрынғы Совет үкіметі елдерінде өте жүйелі және пәрменді түрде жүргізілді. Олар ақпарат көздеріне бақылау орнату ісінде заңдық, экономикалық және саяси тәсілдерді оңтайлы қолданып келді. Және мұның өзі аймақтағы бостандықты жоққа шығару мен оған бақылау орантудағы қазіргі кездегі көп өзгешеліктердің бірі болып отыр”, - дейді Уалкер мырза.
Саяси және азаматтық хұқықтардың қорғалуына баға бере келіп бұл зерттеу 1 мен 7 балл арасындағы бағаны белгілеген екен. 1 - ең жақсы, 7 - ең нашар деңгей үшін берілген баға. Тізімнің ең төменгі тұсында, өткен жылдардағыдай, Түркменстан, Өзбекстан, Солтүстік Корея, Куба және Ливия елдеріне 7 де 7 бағасы берілген.
Мұнайға бай Қазақ елі Орта Азиядағы өз көршілеріне қарағанда анағұрлым жақсы жағдайда. Алайда, сөз, хұқық бостандығына толық жеткенге дейін елдің біраз істер тындыруы керек, дейді Уалкер. Берілген баға 6 да 5 болып тұр.
Бұл аймақтағы жартылай бостандықты қолдаушы ел - Қырғызстан болуда. Баяндамада 5 те 4 бағасына ие болған бұл елдегі саяси дамулар болашағы аса белгісіз, дейді баяндама ауторларының бірі Уалкер.
Беларус елі Еуропадағы репрессивті ел қалпында қалып, 7 де 6 бағасына ие болған екен. Ауған елі бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз күйде 5 те 5 деңгейінде тұр. Иранға 6 да 6, ал Ираққа 5 те 6 бағасы тиесілі болыпты. Грузия бұрынғысынша 3 те 3 дәрежесінде жартылай еркін, деген, ал Украйна болса 3 те 2 бағасымен “еркін” деген бағалауды еншілеген екен.
Тұтастай әлем бойынша алғанда еркіндік дәрежесі 2005-пен салыстырғанда 2006-шы жылы сәл ғана өзгерген. Мысалы, 2006-шы жылы “еркін” деген бағаға ие болған елдер саны 90-ға жетіп, әлем халқының 46 пайызын қамтыған. “Жартылай еркін” елдер саны 58 болып, әлем халқының 17 пайызына тиесілі болған екен. Ал, өткен жылғы “еркіндік жоқ” деген елдер қатарына 45 мемлекет жатқызылып, әлем халқының 37 пайызын қамтыған.