Астана тұрғыны Әмина Есіркепқызы көлік іздегенде әуе кемелерін сирек падаланады. Оның айтуынша мұның бірнеше себебі бар.
- Кеңес одағы кезінде уақытылы келетін. Шетелге шығып тұрамыз, ол жерде уақытылы. Сосын салыстырсақ билет қымбат. «ЭйрАстана» билеті Астанадан Алматыға дейін 20 мың теңге. Ары-бері 40 мың теңге. Ол - Қазақстандағы орта еңбекақы.
Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, осындай шағымдар аз айтылмайды.
2006 жылы Қазақстанның екі әуекомпаниясы ЕуроОдақтың қара тізіміне енген. Негізгі себеп қауіпсіздік мәселесіне байланысты. Мемлекеттік авиақадағалау комитетіндегі басқарма бастығы Амантай Жолдыбаевтың айтуынша, өткен жылы тіпті шетелдік 12 әуе кемесінің ақаулары табылған. Абырой болғанда ұшақтар әуеде емес жерде тұрғанда анықталған, дейді ол.
Ал, Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Қазақстан әуе компанияларының көбінде ұшақ алатын қаржысы жоқ:
- 1-2 компаниядан басқа компанияларда ұшақ алуға мүмкіндіктері жоқ.
Бірақ, Қошановтың айтуынша, қазіргі жағдайды жөндеу үшін «ЭйрАстана» биыл лизинг арқылы 2 «Боинг» және 4 «Эйрбас» ұшағын сатып алатындығын хабарлады. Осыған орай «ЭйрАстана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер жаңа ұшаққа кеткен қаржыны қалай қайтарасыз деген сұраққа қазіргі тарифтер компания паркін кеңейтуге кететін инвестицияны жабуға жетеді, деп жауап берді. Тариф көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз, деді Фостер.
Фостердің айтуынша, әуе отынының қымбаттағанына және әуежайлардағы қызмет бағасының көтерілуіне қарамастан «ЭйрАстана» тарифтерінің барлығы 2002 жылдан бері өзгермеген.
Қазақстандық азаматтық авиацияның келесі елеулі проблемасы - ұшқыш жетіспеушілігінде, дейді министрлік өкілдері. Мемлекеттік авиақадағалау комитетіндегі басқарма бастығы Амантай Жолдыбаевтың айтуынша, қазір әуекомпанияларына ұшқыштар жетпейді. Сондықтан компаниялар денсаулық және ұшқыштық дайындық сипаттамалары нашар бұрынғы ұшқыштарды мерзімдік жұмысқа шақыруға мәжбүр, дейді ол.
Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Қазақстанға Кеңес одағынан қалған ұшақтарда жұмыс істейтін ұшқыштар жетпейді, оның сыртында жаңа әуе кемелеріне де ұшқыш қажет болады:
- Жылына шетелдік техникада жұмыс істей алатын 20 ұшқыш жетіспеушілік болады. Сондықтан, бұрын кеңестік техникаға арналып оқытылған ұшқыштарды жарты жылға шет елдік орталықтарға жіберіп, шетелдік техникада жұмыс істеуге үйретеміз.
Статистика мәліметінше, ұшқыш жетіспеушілігінен апаттарда болған. Әуе компаниялары мерзімдік жұмысқа бұрын ұшқыш болған денсаулығы нашар адамдарды шақырған кезде бір ұшқыш қаза болған, дейді Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Ерлан Қошанов. Жалпы, 2006 жылы Қазақстанда АН-2 ұшақтарында 2 апат болып, екеуінде де адам құрбандары болды, дейді министрлік өкілдері. Себептердің ішінде адам факторы айтылады. Мысалы, Шымкентте 3 орындыққа 4 адамнан отырғызып ТУ-154 ұшағына 200 адамды нығыздап тиеген. Тіпті, бұрын жүк тасыған ұшақтар қазір жолаушы тасымалдауға қолданылады деп хабарланады.