Accessibility links

Араб мемлекеттері Джордж Буштың жаңа Ирақ стратегиясын қаншалықты қолдайтындары күмәнді


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Таяу Шығыс және Еуропа сапарын аяқтады, ол президент Джордж Буштың жаңа Ирақ стратегиясына қолдау қарастырды. Америка Құрама Штаттары және сегіз араб мемлекеті біріккен мәлімдемеге қол қойды, онда Ирақта тұрықтылық орнату мақсатына қолдау танытылды. Бірақ араб мемлекеттерінің қолдау ниеті жайында күмән келтіріліп жатыр.

АҚШ сыртқы істер министрлігі Кондолиза Райстың сапары табысты өтті деп сипаттады кеше. Райс осы жолғы Таяу Шығыс сапарында Иордания, Мысыр, Сауыд Арабиясы және Кувейтте болды. Министр Райс тек Ирақ мәселесінде емес, Таяу Шығыстағы басқа мәселелер жайында қолдау іздеді. Мәселен, Иран ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешу мақсаты бар, Ливанда тұрақтылық орнату мүддесі бар, Израиль мен Палестина арасында бітім келіссөздерін жандандыру мақсаты бар. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Том Кейси кешегі сөзінде Америка Құрама Штаттары мен араб мемлекеттері Буштың Ирақ саясатында бірауыздылық танытып отыр деді. Мұндай сөзі сейсенбі күні Сауыд Арабиясында Кондолиза Райс та айтты:

- Мақсатымыз бір, Ирақ жайында мақсатымыз ортақ. Ирақтың территориялық тұтастығы бұзылған жоқ, Ираққа сырттан қол сұғу, Ирақ ісіне араласу байқалып тұрған жоқ. Ирақта барлық азаматтардың теңдігі сақталып тұр. Ирақтың барлық азаматтары діни не болмаса ұлттық айырмашылықтарға қарамастан мемлекет тарапынан қорғау табамыз деп үміт арта алады.

Сауыд Арабия сыртқы істер министрі Сауыд Әл-Файзал ханзада Ирақты азаматтық соғыстан алып қалу керек деген стратегиялық мақсатпен келісетінін айтты. Дегенмен ол осы мақсатқа қол жеткізу үшін жауапкершілік тек Ирақтың өзіне артылады деді:

- Ирақта тұрақтылық орнату біздің қолда емес, бұл Ирақ азаматтарының қолында.

Кувейт мемлекеті де Ирақта тұрақтылық орнатудың амалын табу үшін Америка Құрама Штаттары Сирия және Иранмен келіссөз өткізу керек, оларды диалогқа тарту керек деп айтып отыр. Мұны Кувейт әмірі Сабах Әл-Ахмед Әл-Сабах шейх білдірді.

Кондолиза Райс Америка Құрама Штаттары Иран мен Сириядан бойын аулақ ұстап жүргенді жөн көреді деді. Райс мұны Таяу Шығыстан қайтарында Германия астанасы Берлинде аялдағанда айтты. Кондолиза Райс бүгін Германия канцлері Ангела Меркелмен кездесті, олар негізінен Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуды сөйлесті. Райс Таяу Шығыста араағайындық жасайтын "квартет", яғни БҰҰ, Еуропа Одағы, Америка Құрама Штаттары және Ресей өкілдері бәлкім не 1 ақпанда, не 2 ақпанда Вашингтон кездесетін шығар деді, Израиль мен Палестинаны бітімге келтіру мәселесі талқыланбақ деді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG