Accessibility links

Еуропа елдерінде свастика белгісіне тыйым салынбақ


Германия Холокост зұлматын жоққа шығаруға барша Еуропада тыйым салынсын дейді. Сонымен қатар нацизм белгісіне айналған свастикаға да тыйым салу ұсынылды. Алайда бұған индуизм дінін ұстайтын Еуропа азаматтары қарсылық танытады. Олар свастика – көне діни белгілердің бірі, свастиканы неміс фашистері меншіктеп алған еді дейді.

Германия 1 қаңтардан Еуропа Одағының кезекті президенттігіне кірісіп, ксенофобияны, өзге ұлт адамдарын кемсітуді қысқарту бағдарламасын ұсынды. Германия нәсілшілдік және ксенофобиялық идеяларды нәсихаттайтындар Еуропа Одағында бір келкі жазалансын дейді. Бағдарламаны 17 қаңтарда Страсбург қаласында Еуропа парламентінде сөйлегенде Германия канцлері Ангела Меркел ұсынды:

- Еуропа төзімділіктің аздап та болсын бұзылуына ешқашан жол бермеуге міндетті. Еуропа оңшыл және солшыл экстремистердің азғантай болса да қақтығыс пиғылдарына ешқашан жол бермеуге міндетті. Еуропа дін атын жамылған қақтығысқа жол бермеу керек.

Германия ресми өкілдері оңшыл ұйымдар қоздыратын қақтығыс елімізде, жалпы Еуропа елдерінде өсіп жатыр деп алаңдаушылық танытады. Германия өкілдері Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде орын алған еврейлердің көзін жою зұлматын, яғни Холокост зұлматын жоққа шығару барша Еуропа елдерінде қылмыс ретінде танылсын дейді. Соғыс кезінде шамамен алты миллион еврей өлтірілген. Холокосты жоққа шығару Еуропа Одағындағы 27 мемлекеттің жартысында қылмыс ретінде жазаланады. Британия не болмаса Швеция болса мұндай мәселеде сөз бостандығы құқын алға тартады. Сол сияқты, свастика белгісіне тыйым салу ұсынысы қарамақайшы.

Свастика белгісі көне замандарда пайда болған, свастиканың түрлі нышандары түрлі мәдениет пен түрлі дінде қолданылады. Свастика әсіресе индуизм дінінде кеңінен тараған. Индустар свастиканы бейбітшілік пен жақсы тағдыр белгісі деп біледі, свастика үйлену тойларында, діни құлшылықта пайдаланады, мәселен. Британияда орналасқан "Хинду форумы" ұйымының басшысы Рамеш Каллидай Еуропа саясаткерлері свастиканы дұрыс түсінбей отыр дейді, свастиканы пайдаланған істерді бір бірінен ажырату керек дейді. Рамеш Каллидай христиан дінінің бас белгісі крест те саяси мақсатта бұрмаланған болатын, алайда крестке ешкім тыйым салып отырған жоқ қой дейді:

- Кейбір белгілер екі ұдайы пайдалана алынады, осыны түсінуіміз қажет. Бұған нақты мысал ретінде "Ку-Клукс-Кланның" өткен ғасырдың басында Америкада жанжал туғызу мақсатында крестерді өртегенін айтуға болады. Мұның салдарынан "барша шіркеулерде крестерді пайдаланбайық" деген үндеуді жұртқа ешкім айтқан жоқ қой. Сол сияқты, нацистердің партиясы бұл белгіні бұрмалады деп свастиканы пайдалануды соңғы бес мың-жеті мың жылда жалғасқан діни тәртіптен шығарып тастауға болмайды ғой.

"Хинду форумы" ұйымы енді барша Еуропада свастика белгісін жақтап науқан өткізбек. Свастикаға осыдан бұрын Люксембург тыйым салуға ұсыныс айтқан еді, алайда ұсынысы өтпей қалған. Германия әділет министрі Бриджит Цыприес Люксембургқа қарағанда свастиканы пайдалануды тоқтата алатын сияқтымыз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG