Күшті жел мен нөсер жаңбыр ең алдымен Британияны басып өткен болатын, мұнда 10 адам табиғаттың қатал мінезінің құрбандарына айналды. Желдің жылдамдығы сағатына 160-190 шақырымнан асады. Жолдарда аласапыран, әуежайлар жабылды. Германия мен Нидерландыда поездар тоқтап тұр. Теңіздерде дауылдан көптеген кемелер бағыттарынан адасқан. Ла-Манш бұғазында теңіз толқындарының биіктігі 9 метрге дейін жетті. Бірқатар қалаларда төтенше жағдай жарияланды. Дауыл Чехияға, Австрияның солтүстігіне жетті, енді Польшаға жақындап қалды. Бүгін Мәскеуде секундына 20 метрге дейін жететін жел тұрады деген болжам бар.