Accessibility links

Конгрестегі демократ-сенаторлар Иранға шабуыл жасауға болмайды деп президент Бушты ескертті


АҚШ сенатының жетекшісі кеше президент Бушты заң шығарушылардың келісімі мен мақұлдауынсыз Иранға қарсы қандай да бір шабуылдарға баруға болмайды деді. Сенатта көпшілік болатын демократтардың жетекшісі Хэрри Рид президент Буш Конгрестің санкциясынсыз Иранға қарсы соғыс күшін қолдануға құқы жоқ деп атап көрсетті. Мұның алдында Өкілдер палатасы Иранға қарсы әскери шабуылдарға бару үшін алдымен Конгрестің мұрсатын алуды талап ететін қарар қабылдаған болатын. Буш әкімшілігі Техран Ирақтың ішкі істеріне қол сұғып, ондағы бүлікшілердің Ирақ жасақтары мен американдық әскерлерге қарсы шабуылдарына көмектесіп отыр деп айыптай келе, бұл жүйенің көзін жоюға уәде еткен еді. Ақ үй болса Иранға қарсы шабуыл жасауға дайындық жасап жатқан жоқпыз деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG