Accessibility links

Хиллари Клинтон 2008 жылғы президент сайлауында бақ сынамақшы


АҚШ Конгресіндегі демократ-сенатор алдағы президент сайлауына қатысу жолында алғашқы ресми қадамын жасады. Хиллари Клинтон өзінің сайлауға қатысу ниеті бар екендігін жариялап, американдықтарды Ирақ соғысын қалай аяқтау жолдары туралы кең көлемде талқылаулар өткізуге шақырды. Бақылаушылардың пікірінше, Хиллари Демократиялық партиядан президенттік сайлауға түсе алатын бірден-бір лайықты үміткер. Егер Хиллари Клинтонның бағы жана қалған жағдайда, оның АҚШ тарихындағы тұңғыш әйел президент болары анық.
XS
SM
MD
LG