Грант Динк қаңтардың 17-і күні Стамбулда атып өлтірілді. Журналисті өлтірді деген күдікпен 17 жасар Огун Самаст ұсталған болатын. Динк өзі еңбек еткен "Агос" басылымының кеңсесі алдында өлтірілген еді, марқұммен қоштасуға жиналғандар бүгін оның денесін осы арадан 8 шақырым жердегі армян шіркеуіне алып барды.