Accessibility links

Қаңтардың 23-інде АҚШ президенті Конгресте дәстүрлі жолдауын жасайды


Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Конгресте дәстүрлі жылдық жолдауын жасайды. Құрама Штаттар Конституциясы ел президентін мемлекеттің жоғарғы лауазымды өкілі ретінде жыл сайын елдегі жағдайды баға беруін талап етеді. Бұл тәжірбие президенттің Конгресс алдында өз әкімшілігінің бағыт-бағдарын көрсетуде әрі американдықтардың мақұлдауын алуға тырысуда маңызды саяси құрал болып келеді.

Сейсенбі күні кешкісін Конгресте болатын Джордж Буштың жылдық жолдауында Ирақ тақырыбы жан-жақты айтылады деп күтіліп отыр. Ол өзінің жаңа жоспарында Ирақтағы жағдайды реттеу жөніндегі Конгресте құрылған екі партиялық комиссияның ұсыныстарына қарамастан, Ирақтағы әскерді 21500-ге кеңейтуді алға тартуы мүмкін.

Сонымен қатар Буш өз сөзінде, бұл елдің қауіпсіздік жағдайына көбірек жауапкершілікті Бағдадтағы үкімет алуы керек деген талабын қайталауы ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, бұл халыққа арналған жолдауында президент үшін ең маңыздысы оның Ирақ саясатын кімдер қолдайтынында болып отыр. Жалпы халықтық сауалнамада, Ирақтағы соғыс туралы алаңдаушылыққа байланысты, Бушты қолдайтындар қатары 30 пайыз шамасында болды. Ендігі мәселе, оппозициядағы Демократиялық партияның қараша айындағы сайлауларда Конгрестің екі палатасына да бақылауды алуынан кейін, президент Буштың бұл жолдауы оның жетекші күшті қайта өз қолына алуына көмектесе ме жоқ па деген тұрғыда болып отыр.

Бұл тұрғыда Кортлэндтағы мемлекеттік Нью-Йорк университетінің саяси ғылымдар жөніндегі профессоры Роберт Спитзердің сөзіне қарағанда, Джордж Буш оппозиция жетекшілігіндегі Конгресте тек жауап беруші президентке айналатындай қауіп алдында тұр.

«Бұл тұрғыда менің пікірімше, ол Конгресте өз бастамаларын алға тартудың орнына, демократтардың бастамасы алдында тұр, өйткені онда Буштың дегенін жасаймын дегеніне үлкен қолдау болады деп ойламаймын. Және шын мәнінде онда Буш президенттігінің жетінші жылында, Ирақтан басқа да мәселелер шығып тұр», - деді сарапшы Роберт Спитзер.

Буштың Конституция заңы бойынша, өзіне ұнамаған заңға вето қою құқы бар. Бірақ, ол кездегі биліктің ондай құзырды беру сенімі заңшығарушы орынға оның өз партиясы бақылауды иеленіп, белсенді жетекші ретінде болған оның алғашқы алты жылына қарама қайшы болмақ.

Сарапшы Спитзердің айтуынша, президент Буш осы жолғы жолдауында, елдің ішкі саяси мәселелерін де көтереді.

Бірақ, сарапшылар президенттің бұл екінші әрі ақырғы мерзімінде қандай да бір үлкен бастамалар айтылады деп күтпейтінін айтады. Оның орнына ішкі мәселелер ғана көбірек сөз болады, әйтпесе американдықтар өздерінің қажеттілігіне мән берілмей отырғандай болады деген Спитзер:

«Әлбетте, ол жолдауда ішкі мәселелер көп болмайды, Буш елге “қараңдар, менің бағыт-бағдарымда, қандай да бір маңызды мәселе жоқ” деп те айтпайды, Ол өзінің жолдауында ішкі саясат мақсаттары туралы айтқпақшы, бірақ, олар сондай маңызды мәселелер болмауы немесе қазіргі күні шешімін тапқан жағдайлар болуы мүмкін. Ол ішкі саяси мәселелер туралы сөз қозғайды, өйткені ол саяси ойластырылып қойылған. Бірақ олар өз жағынан айтарлықтай күш салынбаған жағдайлар. Және Конгресс оларды қабылдамайды».

Спитзердің сөзіне қарағанда, Буштың ішкі мәселелерді қозғауында әдеттегі салықты азайту мәселесі көтеріледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG