Accessibility links

Грант Динкті өлтірді деп 17-жасар Оғұн Самаст айыпталды


Стамбулда кеше ұлты армян журналист Грант Динктің жерленуіне ондаған мың адам қатысты. "Агос" газетінің редакторы Грант Динк жұма күні кеңсесінің алдында атып өлтірілді. Марқұмның жесірі Ракел Динк жұртқа қайырылып, қайғыларын бөліскендерге рахмет айтты, жұрт қолдауы азда болса күш береді деді. Грант Динк жиырмасыншы ғасырдың басында осман түріктері армяндарды жаппай қырған, бұл зұлмат ретінде танылсын деп жазатын, сол үшін 2005 жылы сотталған болатын. Грант Динкті өлтірді деп 17-жасар Оғұн Самаст айыпталды.
XS
SM
MD
LG