Сөз бостандығын қорғайтын "Шекарасыз репортерлер" ұйымының сарапшылары Қытайға тұңғыш ресми сапар жасады. Келіссөздерде сөз бостандығын жақсарту мәселелері сөйлесілді. "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Қытай үкіметі баспасөз құралдарын қатты бақылауда ұстап отыр, Қытайдан тыс интернет-сайттарының ашылу қатты бақылауда деп сын айтты. "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Қытай үкіметі жаңалықтардың мазмұнын да қатты қадағалайды дейді. "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Қытай түрмелерінде 31 журналист және 50 шақты диссидент отыр деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды