Ливандық шерушілер сириялық Хизболла қозғалысының бастауымен жаппай шеру өткізіп, күре жолдарды жауып тастаған болатын. Ливан премьер министріФуад Синиора өзінің бұл қорқытушылық әрекетке қарсы тұратынын айтты. Полицияның айтуынша, үкіметтік және оппозиция қолдаушылары арасындағы қақтығыстан Триполи порты мен орталық екі қалада үш адам қаза тауып, 130-дан аса кісі жараланған. Бүгін Фуад Синиора бейсенбіге жоспарланған Ливанға халықаралық қолдау көрсету жөніндегі конференцияға қатысу үшін Парижге барады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV