Израиль президенті Моше Кацав секс қылмыстары жайында ресми айып тағылса қызметімнен кетемін деп мәлімдеді кеше. Израиль президенті өз атына айтылып отырған күдіктерді үзілді-кесілді жоққа шығарды. Ол парламентке қайырылып, қызметінен уақытша кетуге арыз бергенін растады. Бас министр Эхуд Олмерт бастаған Израиль үкіметінің жетекшілері президент қызметінен кетсін деп талап қылып жатыр. Израиль президенті әйел зорлаған, жыныстық кемсіту жасаған, билігін асыра пайдаланған деген күдік айталыды. Моша Кацавпен қазіргі президентігі кезінде және бұрынғы министр кезіндегі қызметінде бірге істеген бірнеше әйел осындай арыз түсірген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев "митингілік демократ" па?
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?