Екі ел басшылары кеше осы жайында меморандумға қол қойды. Нью-Дели қаласында елдің бас министрімен кездескен Ресей президент Владимир Путин Куданкулам қаласында салынып жатқан Үндістан атом электростанциясы құрылысының аяқталуына қатысуды аса маңызды іс деп танып отырмыз, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану әріптестігімізді арттыруға күш саламыз деді. Үндістан мемлекеті бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика әріптестігі жайында былтыр Америка Құрама Штаттарымен де келісім жасаған.