Accessibility links

Әлемдегі ықпалды тұлғалар жылдық Давос форумына жиналды


Швейцарияның осы бір шағын таулы қаласы әр жыл сайын қаңтар айында тау жолында шаңғы тебуге келген туристер емес, ғаламдық экономиканың тізгінін ұстап тұрған белгілі тұлғаларға толып кетеді. Олардың қатарында Бүкіләлемдік Давос экономикалық форумына қатысушы әлем жетекшілерін, бизнесмендерді көптеп көруге болады. Биылғы жылы Давос форумына ғаламдағы экономикалық та, саяси да өзгерістер, сондай-ақ ауа райының жылыну мәселелері де арқау болады

Бұл арадан әлемдегі ең дәулетті және қуатты деген адамдардың тізімін көресіз. Экономикалық форумда әлемдегі 24 елдің үкімет жетекшілерінің қатарынан Британия премьер-министрі Тони Блэрді, Палестина президенті Махмұд Аббасты, Германия канцлері Ангел Меркелді кездестіресіз.

Сондай-ақ Coca-Cola, BP, Gazprom, Microsoft сияқты 800-дей ірі компаниялардың жоғары жетекшілері мен өкілдері де осы жерден табылады. Давос форумы меймандарының қатарынан академиктерді де, журналистердің үлкен тобын көресіз.

Осы аптаның жексенбісі, 28 қаңтар күні аяқталатын форумның екі мыңнан астам қонақтары жалпы саны 200-дей болатын семинарларға қатысады, оның барлығы да "Тұрақтылықтың қозғаушы күші" деген бір ортақ тақырыпқа біріктірілген.

Давос форумының атқарушы директоры Клаус Скоб форум жұмысы жайында былайша түсініктеме берді:

- Үкіметтерге қараңыз, бүгін сіз үкіметтердің күш-қысымымен салыстырғанда азаматтардың билік қысымын көбірек байқайсыз. Компанияларға қараңызшы, сіз билік күшінің орталықтан, демек кәсіпорынның өзінен тұтынушыларға, акционерлерге, реттеушілерге қарай жылжығанын көресіз. Егер геосаясат деңгейіне қарасаңыз, біз бір күшке көбірек немесе аздау бағынышты әлемдік жүйеден көпкүшті жүйеге қозғалып барамыз.

Давос форумында Ирақ пен Таяу шығыс проблемаларын қызу талқылаумен қатар Қытай, Үндістан, Бразилия сияқты елдердің өсіп бара жатқан экономикасы және геосаясат мәселелері де жекелеген сессияларда әңгіме болады. Сондай-ақ технологияның дамуы, оның ішінде интернеттің адам өмірінде алатын орны да сөз болады.

Microsoft компаниясының жетекшісі Билл Гейтс осындай талқылаулардың ішінде болады. Әрине, Давос форумында күн тәртібіне шығарылып отырған ең өзекті мәселенің бастысы - ғаламдық жылыну процесі, оған қалай әсер етіп, тоқтатуға болады деген жайттар.

Давос форумының ашылуында сөйлеген сөзінде Германия канцлері Ангела Меркел көміртегі қалдықтар шығаруды қысқарту, азайту міндеттемесін алуды ұсынды. Сонымен табиғаттағы өзгеріс, ауа райының жылынуы сияқты құбылыс Давосқа қатысушы бизнесмендер мен әлемдік басшылардың барлығын да алаңдататындығы аңғарылады.

Форумда сондай-ақ экономикалық маңызды мәселелерден кейін, күн тәртібіне шығарылған жайт ол қоршаған ортаны қорғау ісінің деңгейі. Сонымен осы айтылғандарға сәйкес, кәсіпкерлер мен түрлі елдердің үкіметтері табиғаттағы ауа райының жылынуы сияқты кері өзгерістерге ықпал ету үшін не істеуі керек, қандай шараларды қолға алса болады деген мәселерді қарастырған 17 сессия жұмыс істейді.

Экономикалық Давос форумының ғаламдық күн тәртібінің директоры Джонатан Смидт былай деді:

- Карбонаттарды жинақтау жүз жылдықтарға бара бермейді. Сондықтан да біз барлығымыз аймақтар болып, елдер болып, бірлескен шараларды қолға алып, осындай мақсаттарды алға қоюымыз керек болады.

Бұл тақырыптардың барлығы да Давос форумында қызу талқыланып, қоғамның назарын аударатын мәселелер. Міне мұндай маңызды мәселер тұрғысында әлемдік тұлғалардың бір форумға жиналып, оны жан-жақты талқылауы, әрине, ізсіз қалмақ емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG