Accessibility links

Президент Бақиев Қырғызстан бас министрі қызметіне жаңа адамды ұсынды


Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев, ФеликсҚұловқа парламент 2 рет қарсы дауыс бергеннен соң, бүгін сол қызметке жаңа адам – осыған дейін елдің ауыл шаруашылық министрі болған Азим Исабековты ұсына тұрып былай деді:

- Сіздердің талқылауларыңызға тағы да бір мүмкіндік беріп отырмын. Жеке дара кандидат ұсынуды сұрадыңыздар. Енді тілектеріңізге орай бітпейтін айтыс-тартыс тоқталатын шығар.

Экономист Азим Исабековты президент Бақиевке жақын кісі дейді. Ф.Құловтың кабинет министрлері өткен жылғы желтоқсан айында қызметінен кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG