Газа секторында палестиналық топтардың қақтығысы жалғасып, қаза тапқандардың саны жиырмадан асты. Сейсенбіде басталған бүлікте алпыстан астам адам жарақат алды. "Фатах" ұйымынан шыққан Палестина президенті Махмұд Аббас және "Хамас" ұйымынан шыққан бас министр Исмаил Хания тараптарды тағы да сабырлыққа шақырды. "Хамас" тобы осыдан бір жыл бұрын парламент сайлауын жеңіп, үкімет құрған болатын. "Хамас" ұйымы және биліктен ығыстырылған "Фатах" ұйымының текетіресі енді міне қанды қақтығысқа айналды. Біріккен үкімет құру келіссөздері тоқтап қалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?