Accessibility links

МАГАТЭ инспекторлары Теһранға келді


Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Ивановтың мәлімдеуінше, Мәскеу Иранның алғашқы атом электростанциясын жоспарланған уақытында аяқтауға міндетті. Бұл туралы Иванов Теһранда Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен кездесуінен кейін айтты. Бушехр зауыты қыркүйек айында іске қосылады деп күтілуде. Ресей жағы ядролық технологияны бейбіт мақсатта дамытуға Иранның құқы бар дейді, бірақ желтоқсан айында ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға санкция енгізу жөніндегі қарарын мақұлдаған болатын. Ал бұл арада, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары Теһранға келді. Олар Иранның уран байытатын Исфахан және Натанз зауыттарын тексереді.
XS
SM
MD
LG