АҚШ президенті Джордж Буш егер Иран Ирақтағы “әскери әрекетін” кеңейтсе оған қатаң шара қолданылады деп мәлімдеді. Бұл туралы Буш ұлттық қоғамдық радиосына берген сұхбатында айтты. Вашингтон Иранды АҚШ күштеріне шабуылдайтын бүлікшілірге көмектеседі деп айыптайды, бірақ Теһран мұны жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар, Ақ Үй баспасөз-хатшысы Тони Сноу Ирақ Иранмен тығызырақ қарым-қатынас жасай алады деп мәлімдеді. Оның алдында Иранның Ирақтағы елшісі Хассан Касеми Куми Теһран Ирақтағы әскери және экономикалық ролін дамытқысы келеді деген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV