Шииттердің діни Ашура мерекесіндегі уағызнама кезінде Иранмен шегаралас аймақтағы Ханақын қаласында жарылыс болып, кемінде 11 адам қаза тапты. Жарақат алғандар - 39. Полиция дерегіне қарағанда, құрбан болғандардың көпшілігі шиит күрдтері екен. Сондай-ақ, Миндалі қалашығындағы мешітте шанпидашы жасаған бомба шабуылынан 12 адам мерт болып, 40 кісі жараланған. Ашура – 680 жылы қайтыс болған Мұхаммед Пайғамбардың немересі Имам Хұссейнді еске алу рәсімі есептеледі.