Accessibility links

Ирақ үкіметі көрші елдерімен бірге қауіпсіздік мәселесін талқыламақшы


Ирақ үкіметі саяси және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін көрші елдерді наурыз айына кездесуге шақырды. Шақырылғандар қатарында Сирия мен Иран да бар. Бұл туралы Ирақ мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Ал “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирақ сондай-ақ Сириямен арадағы ұшақ қатынастарын тоқтатпақшы. Ирақ үкіметі Бағдад пен оның маңайындағы бүлікшілерді жаңадан басып-жаншуға дайындалып жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG