Италияның Футбол Федерациясы жұма күнгі матчта бір полиция қызметкері қаза болған соң, елдегі кәсіби лиганың А мен Б сериясының ойындарын белгісіз мерзімге тоқтатты. Сонымен қатар, Футбол федерациясы Италияның ұлттық құрамасының Румыниямен алдағы сәрсенбіге белгіленген ойындарын да кейінге қалдырды. Полиция офицері жұма күні Сицилиялық бәсекелес «Катания» мен «Палермо» командалары арасындағы ойын кезінде орын алған қақтығыста мерт болды. Хабарларға қарағанда, онда 100-ден аса адам жарақат алған.