Accessibility links

Ауған үкіметі мен НАТО күштері Мұса қаланы қайта алуға кірісіп жатыр


Ауған үкіметі мен Британиялық күштер осы аптада Талибан жасақтары басып алған елдің оңтүстігіндегі қаланы қайта босату үшін бұл жерге күшпен кіруге дайындалып жатыр. Өткен жылдың соңында НАТО құрамындағы британиялық күштер бұл жерден қарулы тәліптер шығарылсын деген келісіммен бақылауды жергілікті тайпа жетекшілеріне берген болатын. Ал, бейсенбі күні күні 300-дей Талибан жасағы қалаға кіріп, полицияны қарусыздандырып, жергілікті әкімшілік ғимаратын өртеді.

“Бізде талибандарға қарсы тұруға дайындалған қаланың көпшілігінің, адамдардың үлкен тобы бар.Талибандықтар өздерінің шынайы бет-пердесін ашып, өздерінің кім екенін көрсетті, оларға қарсы шықты. Сондықтан, біз Мұса Қалаға билікті жергілікті жетекшілерге алып беріп, тәліптерді ол жерден шығарамыз”, - деген Ауғаныстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы Дэвид Ричардс

Мұса Қала тұрғындары НАТО күштері мен Талибан жасақтарының шабуылынан қорғанып, басқа жаққа кетіп жатыр.
XS
SM
MD
LG