ТЕҺРАН: Иранның атом қуаты агенттігінің басшысы Голам-реза Ага-заде БҰҰ-ының өзіне қарсы жаза қолдану туралы Қарар қабылдауына бола Иранның уран шикізатын байыту жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі өткен желтоқсан айында Иранның уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартпағаны үшін оған жаза қолдану туралы Қарар қабылдаған болатын. Батыс елдері бұл бағдарламасын Иран ядролық қару жасау үшін пайдаланып отыр деп күдіктенеді. БҰҰ-ы уран шикізатын байыту жұмысын тоқтату үшін Иранға 60 күн уақыт берді. Бірақ кеше Ага-заде Иранның ол Қарарды орындамайтынын мәлімдеді.